Бердібек Сапарбаев алдағы уақытта қандай қызмет атқаратынын айтты

Бұрынғы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев алдағы жоспарымен бөлісті.

Алматы, NEGE.Әкім 8 сәуірде Таразда жергілікті тілшілерді жинап, сұхбат берген. 

Экс-әкім экономика ғылымдарының докторы екенін айта келе алдағы уақытта жастарға дәріс оқуды қалайтынын айтты.

“Бұған дейін Еуразия ұлттық университетінің ректорымен жолыққанда қызметтен кеткенде студенттерге сабақ беремін дегенмін. Сондықтан 0,5 ставкіде университетте ұстаздық еткім келеді”, — деді Бердібек Сапарбаев.