Беларусь елтаңбасында Ресей картасы кішірейеді

Беларусь елтаңбасының жаңа жобасында жер шарының құрылымы Еуропаға қарай ойысып, Ресей картасының бейнесі көрінбейтін болады.

Алматы, NEGE. Республиканың мемлекеттік рәміздер туралы заңнамасын реттейтін заң жобасына осындай талап енгізілді.

Бұған дейін Беларусь әділет министрі Олег Слижевский бұл өзгерістерді «елтаңбадағы кейбір талаптар мен оның бейнесіне түзетулер енгізуді ұсынған азаматтардың бірнеше мәрте жасаған өтініштеріне байланысты» деп мәлімдеген.

суретте: сол жақтағы қазіргі елтаңба, оң жағындағы жаңа жобасы.

«Президент жанындағы геральдикалық кеңес өзгертулермен жұмыс істеді және кеңес қазіргі заманауи символизмді бағалай отырып «елтаңбаның имиджін жақсарту керек» деген шешімге келді», – деді әділет министрі.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін