Беларусь әскери күшін нығайтпақ

Беларусь мемлекетінде  қарулы күштерге жауынгерлік әзірлік бойынша жаттығулар басталды. Әскери қызметшілерді бейбіт уақыттан әскери уақытқа көшуге үйретеді. Бұл туралы Беларусь республикасының қорғаныс министрлігі айтты.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Жауынгерлік дайындық бойынша сабақтар әскери қызметке кезекті шақырудан және жаңадан келгендердің алғашқы әскери дайындық бағдарламасынан өткеннен кейін ұйымдастырылды.

«Сабақтардың жалпы бағыты әскери қызметшілердің барлық санаттарымен, бөлімшелерімен, әскери бөлімдерімен, құрамаларымен, әскери басқару органдарымен бейбіт уақыттан соғыс уақытына көшіру жөніндегі іс  шараларды ұйымдасқан түрде орындау бойынша жүйелі жаттығулар кешенін өткізу болып табылады», – деп атап өтті ведомствода.

Ведомство жаттығулар 2021/2022 оқу жылында ӘК дайындық жоспарына сәйкес жүргізіліп жатқанын қосты.

Қазір оқып жатыр

Жылдамдықты 2 км/сағатқа асырғаны үшін айыппұл салына ма: ІІМ жауап берді

Алматыда жылу-электр орталығын шоты бұғатталған компания салмақ

Құрылтай депутаттарына жеке мәселелерді мінберден айтуға тыйым салынбақ

Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды