Белгілі тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден өтті
Телевизия саласының ардагері, «Құрмет» орденінің иегері, Журналистер одағының екі дүркін лауреаты Тілеуқабыл Мыңжасар 75 жасқа қараған шағында дүние салды.
Астана, NEGE. Қаралы хабарды Qazaqstan арнасы жеткізді.
Тілеуқабыл Мыңжасар 1952 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. 1975 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдап, еңбек жолын Қазақ телевизиясынан бастаған.
Тілеуқабыл Мыңжасар саналы ғұмырын телевизия саласына арнады. Ұзақ жылдар бойы «Хабар» агенттігінің Алматы облысындағы тілшісі болып, өңірдегі маңызды жаңалықтар мен өзекті мәселелерді халыққа жедел жеткізіп отырды. Тележурналистің артында көптеген дарынды шәкірті қалды.