Белгілі қоғам қайраткері Оразалы Ержановтың қамалғаны туралы ақпарат шықты

Оразалы Ержанов 10 тәулікке қамауға алынған.

instagram.com/urazaly_yerzhanov

Астана, NEGE. Бұл жөнінде журналист Гүлжан Ерғалиева желідегі парақшасында хабарлады.

«Жолдасының айтуынша, Оразалы Ержановты түнде алып кеткен, тінту жүргізілген. 10 тәулікке қамаған. Себебі белгісіз», – деп жазды Ерғалиева.

Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының Telegram-дағы арнасында да осы мазмұндағы ақпарат жарияланды.

«Алматыда Оразалы Ержановтың ұсталғаны белгілі болды. Қазіргі кезде ол – Elge Qaitaru қоғамдық қорының негізін қалаушы және жетекшісі. Ұйым елден заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға көмек көрсетеді.

Ұзақ уақыт бойы ол Қазақстан Ұлттық банкінің басқарма төрағасының орынбасары, қаржы вице-министрі, "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы, "Халық банк" басқарма төрағасының орынбасары, KEGOC вице-президенті және "Наурыз банктің" басқарма төрағасы қызметтерін атқарған», – делінген жазбада.

Оразалы Ержановтың нақты не себеппен ұсталғаны әлі белгісіз. Айта кетерлігі, ол Конституция жобасын және референдумның асығыс өткізілуін сынға алған.

Nege.kz мән-жайды анықтау үшін Алматы қалалық полиция департаментіне сауал жолдады.

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады