Бельгиядағы қазақстандықтар су тасқынынан зардап шеккендерге көмек қолын созбақ

Жерлестердің бастамашыл тобы «Қазақстан халқына» және «Біз біргеміз» қорларының есепшотына қаражат аударуда.

freepik.com

Алматы, NEGE. Сонымен қатар, жерлестеріміз Брюссельде қайырымдылық жәрмеңкесін өткізуді жоспарлап отыр. Түскен қаражат табиғи апаттан зардап шеккен қазақстандықтарға жіберіледі.

«Қазақстанда су тасқынынан қанша адам зардап шеккенін білгенде қатты уайымдадық. Көптеген адамдар баспанасынан, малынан айырылды. Біз Қазақстаннан жырақта тұрсақ та, жүрегімізбен әрқашан біргеміз.
Сондықтан мен көмегім болсын деп «Қазақстан халқына» қорына 500 еуро аударуды жөн көрдім. Барлық зардап шеккендердің үйлеріне тез оралуын және бүкіл елдің тезірек сауығып кетуін тілеймін», - деді Брюссель тұрғыны Назгүл Балмұханова.

Тағы бір қазақстандық Ардақ Молданиязованың айтуынша, жерлестері зардап шеккендерге көмек жіберу үшін қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырғысы келетінін айтты.

«Батыс Қазақстандағы төтенше жағдай, болған су тасқыны туралы білген бойда әрбір қазақстандық зардап шеккендерге көмек ретінде өз ақшасын жіберіп, көмектесті. Қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырып, барлық жиналған ақшаны зардап шеккендерге көмек ретінде аударғымыз келеді», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды