Бельгияда жалақыны көтеруді талап еткен кәсіподақтар жаппай ереуілге шықты

Бельгияда мемлекеттік сектордың социалистік, христиандық және либералдық сектор кәсіподақтарының мүшелері 31 мамырда түн ортасынан бастап 24 сағаттық ереуілге шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE.  Наразылық шарасы елдегі қоғамдық көліктер қозғалысына үлкен әсер етті. Осылайша, STIB ұлттық теміржол операторы тұрақты пойыздардың тек 25 пайызы ғана кесте бойынша жүретінін хабарлады. Сейсенбі күні таңертең және кешкі уақытта орындалатын көптеген рейстер тоқтатылады. Льеж, Люксембург және Намюр провинцияларында пойыздар күні бойы жүрмейді.

Тасымалдау компаниялары жолаушыларға мүмкіндігінше «үйден жұмыс істеуге» немесе қоғамдық көлікке балама іздеуге кеңес берді. Бельгияда пойыз қозғалысы сәрсенбі, 1 маусым күні таңертең қалпына келеді.

Жұмысшылар көшеге шығып, жалақыны көбейтуді, әлеуметтік диалогты құрметтеуді, мемлекеттік секторға инвестиция салуды және зейнетақыны көтеруді талап етпек. Наразылық шарасына Бельгияның телевидение қызметкерлері де қосылады. Бұл жағдай елдегі радио және теледидар хабарларының сапасына кері әсер етуі мүмкін деп күтілуде.

Сонымен қатар, ереуілге коммуналдық қызмет қызметкерлері де қатысатынын мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін

Тоқаев Президент Әкімшілігін басқарған Айбек Дәдебайдың жұмысына баға берді

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: екі адамның қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды

Жылдамдықты 2 км/сағатқа асырғаны үшін айыппұл салына ма: ІІМ жауап берді