Бельгияда наразылыққа шыққандар мен полицейлер қақтығысып қалды

Бельгияның Лъеж қаласында жергілікті жастар мен полиция қызметкерлері қақтығысып қалды.

Алматы, NEGE. Интернетте африкалық әйелді полиция қызметкерлері ұстап әкеткені туралы видео таралғаннан кейін Бельгияда наразылық басталды. Полиция қызметкерлері 40-тан асқан әйелге оның құжаттарын тексермек болған кезде күш қолданған. Қоғамдық наразылыққа әйелдің үш баланың анасы екендігі түрткі болды. Сонымен қатар, бельгиялық бұқаралық ақпарат құралдары аталған әйел полиция қызметкерінің қолынан «тістеп алғанын» жазады.

Сенбі күні Сен-Ламберт алаңында «Black Lives Matter» қозғалысының 200-ге жуық жас белсенділері жиналды. Содан кейін кейбір наразылық білдірушілер агрессия көрсете бастаған. Сағат 15:00-де мотоциклден жерге лақтырылған полиция қызметкері жарақат алды. Одан кейін бір топ адам Француз Республикасы алаңындағы жылдам тамақтану мейрамханаларының біріне шабуыл жасап, жақын маңда тұрған көліктер қирап, қоқыс жәшіктері аударылған. Льеж әкімі қала орталығындағы барлық саудагерлерге дүкендерін жабуды талап етіп хабарлама жіберді. Сондай-ақ, белсенділер полиция бөлімшесі мен Льеж қалалық әкімдігінің терезелерін сындырды. Нәтижесінде 11 полиция қызметкері жарақат алып, бірнеше ондаған адам ұсталды.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті