Бельгияда «Brussels Airlines» қызметкерлері ереуілге шықты

Бельгияда «Brussels Airlines» әуе компаниясының қызметкерлері 3 күндік ереуілге шықты.

Алматы, NEGE. Ереуіл салдарынан 315 рейс кейінге шегерілді, деп хабарлайды «Хабар 24». Салдарынан 40 мыңға жуық жолаушы сапарынан қалды. Наразылар еңбек жағдайын жақсартуды талап етуде. Айтуынша, басшылық қосымша жеңілдіктер үшін бюджетті индекстеуден бас тартады. Жиналғандар еңбекақының дұрыс төленбеуіне де өкпелі. Сонымен қатар маман тапшылығынан қызметкерлердің жұмыс жүктемесі бірнеше есе ұлғайған. Ал пандемиядан кейін тұралап қалған туризм саласы қайта күш ала бастады.

Қазір маман тапшылығы мәселесі өзекті. Бұл проблеманы бір айдан астам уақыт көтеріп келеміз. Алайда басшылық тарапынан еш әрекет жоқ.

– Бізге демалыс керек. Бұл өте маңызды және жұмыс сапасына әсер етеді. Мәселен, төтенше жағдай кезінде жедел әрекет ету қажет. Ал біз болсақ, тыным таппай шаршап жүреміз. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандағы шетелдік университеттер «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» пәндерін оқытуға міндеттеледі

FlyArystan әуе билеттерін 20% жеңілдікпен сатып алуға болады

«Қазмырыш» кәсіпорнында болған төтенше жағдай салдарынан екі адам қаза тапты

Қаңтар оқиғасынан кейін 4 жыл өтсе де қару-жарақ әлі табылып жатыр