Бельгия билігі 28 қаңтарға дейін төтенше жағдай жариялады
Бельгия билігі келесі жылдың 28 қаңтарына дейін төтенше жағдай жариялады.
Алматы, NEGE. Өйткені соңғы аптада бір күнде коронавирус жұқтырғандар саны 6 мыңнан асқан. Бұл алдыңғы жетіге қарағанда 70 процентке көп және сәуірден бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Осыған байланысты бұдан былай қоғамдық көлік пен дәріхана, ауруханадан басқа ғимарат ішінде бетпердемен жүру, дәмхана, мейрамхана, спорт, мәдениет нысандары, кітапхана сияқты қоғамдық маңызы ерекше барлық мекемеде ковид куәлігін көрсету қайта міндеттелді.
Сондай-ақ барлық компаниялар мен кәсіпорындарға мүмкіндігінше қашықтан жұмыс істеу ескертілді. Бельгияда 8 жарым миллион адам, вакцина салдырған. Бұл халықтың 74 проценті.