Бельгия - Қазақстан: матчтың уақыты белгілі болды

7 қыркүйектен 8 қыркүйекке қараған түні Брюссельде (Бельгия) футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Бельгия — Қазақстан матчы өтеді, деп хабарлады Sports.kz. 

sports.kz

Алматы, NEGE. Кездесу тікелей эфирде Qazsport телеарнасынан көрсетіледі. Трансляция Астана уақытымен 23:45-те басталады.

Қарсылас командалардың жағдайына тоқталсақ, Бельгия құрамасы үш ойыннан жеті ұпай жинап отыр. Қазақстан құрамасының қоржынында төрт ойыннан үш ұпай бар.

Бельгия соңғы матчында сырт алаңда Лихтенштейнді 6:0 есебімен ойсырата жеңді. Гол авторлары: Максим Де Кёйпер (29-минут), Юри Тилеманс (46, 70-минут, пенальти), Артюр Теате (60-минут), Кевин Де Брюйне (62-минут) және Малик Фофана (90 1-минут).

Қазақстан құрамасы Уэльске қарсы соңғы ойында 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Валлийлік Киффер Мур 25-минутта жалғыз голды соққан еді.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

АТ1 мен Вена биржасы. ForteBank НЕГЕ капиталын жедел көбейтуде?