Белгісіз қарулы топ Гаити президентін өлтіріп кетті

Белгісіз қарулы топ бүгін түнде Гаити президенті Жовенель Моизаның резиденциясына шабуыл жасады. Бұл туралы елдің премьер-министрі Клод Жозеф мәлім етті, деп хабарлайды ВВС.

Алматы, NEGE. Президент ауыр жарақаттан көз жұмған, оның әйелі жарақат алды.

Премьер-министрдің сөзіне сілтеме жасаған Gazette Haiti порталы шабуылдаушылар испан тілінде сөйлегенін хабарлайды.

Клод Жозеф ел президентінің міндетін өз мойнына алғанын мәлім етті. Ол елді сабырға шақырып, полиция мен армия елдегі тәртіпті сақтайтынын айтты.

Қазір оқып жатыр

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?