Белгісіз аурудан 13 бала көз жұмды

Ауғанстанның солтүстік-шығысында орналасқан Бадахшан провинциясында пневмонияға ұқсас аурудан 13 бала қайтыс болған. Бұл туралы жергілікті TOLOnews телеарнасының ақпаратына сілтеме жасап  ТАСС хабарлады.

Алматы, NEGE. «Пневмонияға ұқсас сырқаттан соңғы 3 күн ішінде кемінде 13 бала көз жұмды» делінген ақпаратта. Бұл туралы Ауғанстан үкіметі ресми мәлімдеме жасамаған. Сондай-ақ, індеттің Қытайдан тараған коронавирус әлде басқа ауру түрі екені белгісіз.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады