Белгілі спорт комментаторы қайтыс болды
Белгілі журналист, спорт комментаторы Амангелді Сейітхан қайтыс болды.
Алматы, NEGE. Амангелді Сейітхан талай жыл қазақ журналистикасында еңбек етіп, спорт комментаторы ретінде көпшіліктің ықыласына ие болған азамат еді. Амангелді Сейітхан әлемді жаулап, талай жанды жалмаған тәж тажалдан қайтыс болды. Бұл жайында әлеуметтік желіде Ардақ Айбарұлы хабарлады.
Марқұмның отбасына, туған-туыстарына редакция атынан қайғыра көңіл айтамыз.