Белгілі режиссер Қалдыбай Әбенов қайтыс болды

«Аллажар» фильмінің қоюшы-режиссері Қалдыбай Әбенов Алматы қаласының №7 Қалқаман ауруханасында ауыр халде жатып, көз жұмды.

Алматы, NEGE.  Бұл туралы Ерлан Декелбаев атты азамат өзінің facebook парақшасына жазды.

«Аллажар» фильмінің қоюшы-режиссері Қалдыбай Әбенов ағамыздан да айырылдық. Бақұл болыңыз, Қалдыбай аға!» - деген ол.

Бұған дейінгі жазбасында режиссердің ауыр халде жатқанын жазған болатын.

«Аллажар» фильмінің қоюшы-режиссері Қалдыбай Әбенов ағамызды да 7-ші Қалқаман ауруханасына алып кетті. Ауыр халде жатыр. Жансақтау бөлімшесінде. Ыстығы көтеріліп, екі өкпесі... Ей, Аллам, бір өзің жар бола гөр!» - деген-ді сонда Ерлан Декелбаев.

Қазір оқып жатыр

Мәжіліс қаңғыған жануарларды эвтаназиялау туралы заңды мақұлдады

Перизат Қайраттың түрмеде немен айналысатыны белгілі болды

Үш миллиардты бөлейік. ЦентрКредит басшылығының мотивациясы НЕГЕ керемет болды?

Ақтөбе облысы әкімдігі ғимаратындағы өрттің алдын ала себебі айтылды