Белгілі дизайнер Берік Ысмаилов өмірден озды

Белгілі қазақстандық дизайнер Берік Ысмайылов қайтыс болды.

Алматы, NEGE. Бұл ақпаратты өнер адамдары әлеуметтік желіде хабарлады. 

«Коронавирус елімізге қауіп төндірген алғашқы күннен-ақ тегін маска тігіп,таратып, бүкіл шәкірттерін сол жұмысқа жұмылдырған патриот, тамаша дизайнер, елгезек жан Берік Исмаилов ағамызды да сұм ажал, беті жаман індет арамыздан алып кетті»,- деп жазды Дана Нұржігіт.

Індет өрши бастаған кезде Берік Ысмаилов медициналық маскалар тігіп, оны көпбалалы отбасыларға, мүгедектерге, зейнеткерлерге тегін таратқан болатын. 

Берік Ысмайылов 1962 жылы 15 наурызда Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Модельер-конструктор, халықаралық дизайнерлер қауымдастығының мүшесі, "Берік Ысмайылов" авторлық сән салонының директоры. Омбы политехникалық институтының, Мәскеудегі Любовь Красникова — Аксенева авторлық мектебінің түлегі.
 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде әкімдік ғимаратындағы өрт толық сөндірілді

Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртенді

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды