Беларусьте президенттік сайлауға мерзімінен бұрын дауыс беру басталды
Саяси шара 8 тамызға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында түрлі себептерге байланысты сайлау күні дауыс бере алмайтын азаматтар өз таңдауын жасай алады.
Алматы, NEGE. Ол үшін ел бойынша 5800-дей сайлау учаскесі ашылды. Саяси додаға 5 үміткер қатысып жатыр. Арасында қазіргі мемлекет басшысы Александр Лукашенко мен оппозициялық кандидат Светлана Тихановская да бар. Айта кетейік, осымен алтыншы рет сайлауға түсіп отырған Александр Лукашенко өзінің сайуалды бағдарламасын ресми жария етті. Онда Беларусь президенті ел конституциясын өзгерту жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынды.