Беларусьте алғашқы онлайн үйлену тойы өтті
Жас-жұбайлар індетке байланысты өз салтанатын кейінге қалдырмауға бел буып, осындай шешімге келіпті. Той ұйымдастырушысы жастардың тілектерін ескеріп, неке қию рәсімін керемет мейрамханада өткізді.
Алматы, NEGE. Бір ерекшелігі, қонақтар мұның бәрін қашықтан тамашалады. Той ұйымдастырушылары шынайы және виртуалды дүниені түйістірді. Салтанатты шараны да уақыт талабына сай безендірді. Жас-жұбайларды дәрігер халатын киген аниматор қарсы алып, жүзік алмасу алдында антисептикпен қол жууды ұсынды. Тойда қызмет еткендердің барлығы қолғап пен бетперде тағып жүрді.
Алдағы күндері осындай тойлар Минсктің өзге де мейрамханаларында өтуі әбден мүмкін. Өйткені. бұл шара жастардың бақытына тіпті індет кезі де кедергі келтірмейтінін айқын көрсетті. Жас жұбайлар өз тойына қонақтарды әлемнің кез келген жерінен шақыра алады. Виртуалды дастарханның төрінде әрине ата-аналары отырады. Ал қалыңдықтың гүл шоғын қонақтарға тастау секілді барлық салт-дәстүрді техниканың көмегімен де өткізуге болады.