Беларусьте АЭС-тен ақау шықты
БелАЭС-тің алғашқы энергоблогы желіден ажыратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы, NEGE. «Сағат 19:02-де генераторды қорғау жүйесі іске қосылып, БелАЭС-тің бірінші энергоблогы желіден ажыратылды», - делінген елдің Энергетика министрлігінің мәліметінде. Сондай-ақ ақпаратқа сәйкес, «қорғау жүйесі бірінші энергия блогын тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану барысында іске қосылған». Мұнда жүйелер мен жабдықтарды тестілеу жүргізіліп жатқан. Станция ауданында радиация мөлшері қалыпты деңгейде.