«Беларусь тәуелсіздігіне қауіп төнді»
Беларусь саясаткерлері мен қоғам қайраткерлері осылай дейді. Бұл елдің оппозициясы Ресей мен Беларусь арасындағы интеграцияны тереңдету туралы келісімге қол қоюға қарсылық ретінде осындай ортақ мәлімдеме жариялады. Олар халықаралық қауымдастықты араша түсуге шақырып отыр. Бұл туралы ng.ru сайты хабарлады.
Алматы. NEGE. «Беларусь халқы мен халықаралық қауымдастықты Ресей мен Беларусь басшылары Владимир Путин мен Александр Лукашенконың 8 желтоқсанда келісімге қол қою туралы қауіпті ниетіне баса назар аударуға шақырамыз. Бұл құжат Беларусьтің Ресейге тәуелділігін нығайтып, тәуелсіз ел ретінде өмір сүруіне қауіп төндіріп отыр», – делінген ортақ мәлімдемеде.