Беларусь сыртқы істер министрі қайтыс болды
Беларусь сыртқы істер министрі Владимир Макей қайтыс болды. Бұл туралы 'Белта' агенттігі республика Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысына сілтеме жасап мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алматы, NEGE. Владимир Макей 1958 жылы Гродно облысында дүниеге келген.
2012 жылдың 22 тамызынан бастап Владимир Макей Беларусь сыртқы істер министрі болған. Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесіне ие болды.
Беларусьтік "Наша Нива" басылымының мәліметінше, 64 жастағы министрдің өліміне жүрек талмасы себеп болған.