Беларусь: індет жұқтырған 476 адам анықталды
Беларусьте коронавирус инфекциясын жұқтырған 476 адам анықталды, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Алматы, NEGE. COVID-19 вирусын жұқтырғандардың жалпы саны елде 4204 адамды құрап отыр. Бұған қоса, жақында тағы 4 адам көз жұмды. Коронавирустың кесірінен қайтыс болғандардың жалпы саны – 40. Бүгінде 203 науқас емделіп шыққан. Инфекцияның ағзада бар-жоғын анықтау үшін 81246 тест жасалған.