Беларусь ЕАЭО-да ғылыми дәрежелерді мойындау туралы келісімді ратификациялады

Ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды тексеру үшін жұмыс берушілер және мүдделі органдар ЕАЭО елдерінің құзыретті органдарына сауал жолдауға құқылы, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Беларусь президенті Александр Лукашенко Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердегі ғылыми дәрежелерге қатысты құжаттарды өзара мойындау туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды.

Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей үкіметтері қабылдаған келісім еңбек көші-қоны шеңберінде ғылыми дәрежелерге қатысты құжаттарды өзара мойындауға байланысты мәселелерді қарастырады. Олардың қатарында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес диссертацияны қорғау негізінде берілген философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежелері туралы құжаттар бар.

Ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды тексеру үшін жұмыс берушілер және мүдделі органдар ЕАЭО елдерінің құзыретті органдарына сауал жолдауға құқылы.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді