Беларусь бірқатар көршілес елмен шекараны жапты

Көршілес мемлекеттерде эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты Беларусь елі жерүсті транспортымен өз аумағына кіруді уақытша шектеді.

Алматы, NEGE. Бұл туралы БЕЛТА агенттігіне Мемлекеттік шекара комитетінің ресми өкілі Антон Бычковский мәлім етті.  Өткізу пунктері арқылы Латвия, Литва, Польша және Украина елдерінен азаматтардың жекелеген санатына кіруге рұқсат жоқ. Бұл тыйымның дипломатиялық және қызметтік паспорттармен құжатталған дипөкілдіктер мен консулдық мекемелердің қызметкерлеріне, автомобильмен халықаралық тасымалды жүзеге асыратын көлік жүргізушілеріне, халықаралық теміржол бағыттарының пойыз және локомотив бригадаларына қатысы жоқ. Айта кетейік, Минскінің Ұлттық әуежайындағы өткізу пунктінде аталмыш шектеулер енгізілмеген.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында жаңа «Алатау» арнайы экономикалық аймағы құрылады

Қазақстанда діни сұрақтарға Imam AI жауап бермек

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде қалдырды

Атырау облысында өлтірілген отбасы ісі: қылмыс қашан және қалай жасалғаны айтылды