Бекзат Саттархановты еске алуға арналған ХХІ халықаралық турнир басталды

Түркістан қаласындағы «Olympic Center» спорт кешенінде бокстан 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының жеңімпазы, «Барыс» орденінің тұңғыш иегері, түркістандық талантты боксшы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған жастар арасындағы халықаралық турнир басталды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. ХХІ рет өтіп жатқан халықаралық бокс додасына Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан елдерімен қатар Қазақстанның барлық аймағынан былғары қолғап шеберлері келген.

Биылғы бұл халықаралық бокс бәсекесінің ерекшелігі – тұңғыш рет қыздар да 5 салмақ дәрежесінде қолғап түйістіреді. Ұлдар 13 салмақ бойынша жеңімпаздарды анықтайды.

Бұл халықаралық бокс додасына жалпы 22 команда, 200-ден астам боксшы қатысуда.

Бокс бәсекесінің жеңімпаздары 4 сәуір күні анықталады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды