Бекзад Нұрдәулетов Хатаевқа есе жіберді
Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Бекзат Нұрдәулетов Олимпиада ойындарын аяқтады.
Алматы, NEGE. 81 келі салмақта сынға түскен Бекзат Нұрдәулетов 1/8 финалда Олимпиада туының астында өнер көрсетіп жатқан ресейлік Имам Хатаевпен кездесті.
Жекпе-жектің алғашқы раунды Хатаевтың есебіне шешілді. Төрешілер бірауыздан толық 10 ұпайды берді. Нұрдәулетов екінші раундта басымдық танытты. Бірінші нөмірде өнер көрсетіп, қарсыласқа жойқын соққыларын дарытқан. Бұл жолы үш төреші есепті Нұрдәулетовтың есебіне жазды.
Екінші раундтан кейінгі үзілісте, бапкерлер Нұрдәулетке «Жеңу керек, болмаса неге келдік» деп жігерлендіріп жатқаны естілді.
Ал, шешуші раунд жақсы бассталған. Бірақ, төрешілер жеңісті Имамның қанжығасына байлады. Осылайша, біз үміт артқан әлем чемппионы, отандасымыз жарыс жолынан шығып қалды.
Айта кетелік, бұған дейін Абылайхан Жүсіпов (69 келі) пен Василий Левит (91 келі), Серік Теміржанов (57 келі) Токио Олимпиадасымен қоштасты.