Бектеновтың ескертуінен кейін BI Group пен BAZIS мемлекетке салық төледі

Мемлекеттік кірістер комитеті 12 наурыздан бастап салық төлеушілер нақтыланған есептерді тапсырып, салықтарды аудара бастағанын хабарлады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қазірдің өзінде бюджетке 17 млрд теңге түсті. Оның ішінде BI Group және BAZIS компанияларының төлемдері бар. Деректерді тексеру әлі жалғасып жатыр. 

Талдау қорытындысы бойынша 633 салық төлеушіге, оның ішінде 172 құрылыс саласында (ірі құрылыс компанияларын қоса алғанда), 102 сауда және басқа да қызмет түрлерімен айналысатын компанияларға салық салынатын кірістерін төмендету белгілері бойынша хабарламалар жіберілді.

12 наурыздағы жағдай бойынша салық төлеушілер қосымша есептілік нысандарын тапсырып, салықтарын толықтыруда.

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды

Польшада қазақстандық әйел қаза тапты

Трамп Ресей мұнайына салынған санкцияларды уақытша алып тастады

Әскерде тағы бір сарбаз мерт болды