Бектенов – Антикордың басшысы

Олжас Бектенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Олжас Абайұлы Бектенов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын», – делінген Мемлекет басшысының жарлығында. 

Бұған дейін О.Бектенов Жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарған.