Бектенов Шығыс Қазақстан облысының металлургтеріне Президент атынан марапаттар табыс етті
Олжас Бектенов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі өнеркәсіптің даму барысымен танысты. «Қазцинк» металлургиялық кәсіпорнын аралау барысында Үкімет басшысы қызметкерлерді кәсіби мерекесі — Металлург күнімен құттықтап, наградалар табыс етті.