Олжас Бектенов: Ресей қаржыландыруды растамаса, ЖЭО құрылысын өзіміз бастаймыз

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысынан кейін өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Өскемен, Семей, Көкшетау қалаларында салынуға тиіс үш жылу-электр орталығының тағдыры не болатынын айтты. 

Үкімет

Астана, NEGE. «Үш ЖЭО бойынша бастапқыда ресейлік серіктестермен бірге іске асыру мүмкіндігі қарастырылды. Әзірге біз Ресей Федерациясынан кепілдендірілген, арзандатылған қаржыландыру ұсыныстары туралы нақты ақпарат алған жоқпыз. Сондықтан біз Көкшетауды өз күшімізбен сала бастадық. «Самұрық-Энерго» да айналысып жатыр. Семей мен Өскеменді айтсақ, Ресей тарабынан жауап күтіп отырмыз. Егер жауап жақын арада болмаса, жобаны өз бетімізбен іске асырудың нұсқаларын да қарастырамыз. Біз күте алмаймыз», – деді Премьер-министр.

Журналистің үш бірдей ірі жобаны Қазақстан бюджеті көтере ала ма деген сұпрағына: 

«Көтереміз. «Самұрық-Энергоның» нарық механизмдері бар. Жылу-электр орталығы да бизнес жоба. Пайдалануға берілгеннен кейін ақша тауып, салған инвестициясын қайтарады», – деп жауап берді. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?