Бектенов Конституция жобасы туралы жалған ақпарат таратқандарды жазалауды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанның жаңа Конституция жобасын халыққа түсіндіру бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Жиынға Үкімет мүшелері мен өңір әкімдері қатысты.

Премьер-министр барлық деңгейдегі министрліктер мен әкімдіктерге жаңа Конституция жобасын халыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Жиында жалған әрі бұрмаланған ақпараттармен күресуге баса назар аударылды.

«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде шындыққа жанаспайтын арандатушылық сипаттағы жарияланымдар тіркелуде. Ішкі істер министрлігіне "Заң мен тәртіп" қағидатына сәйкес, жалған мәліметтерді таратқаны үшін қатаң құқықтық шаралар қолдану және жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету тапсырылды», – делінген хабарламада.

Бұл істі үйлестіру премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелді.

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы 2,2 млрд теңгелік коттедждің кімге тиесілі болғаны анықталды

Экономика министрлігі халық табысы не себепті азайғанын түсіндірді

Түркістан облысында жас келіншек сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған

Алматы облысында офицер қоластындағы қызметкерге күш қолданған