Бектенов басқарған Үкімет отставкаға кетті
Конституцияға сәйкес Үкімет жаңадан сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін тоқтатады.
Астана, NEGE. Бүгін, 28 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан сайланған Құрылтай алдында Қазақстан Үкіметінің өкілеттігін доғару туралы Жарлыққа қол қойды.
Құжатқа сәйкес, қазіргі Үкімет жаңа құрам бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқара береді. Осылайша, премьер-министр мен министрлер әзірге міндетін атқарушы мәртебесінде жұмысын жалғастырады.
Еске салсақ, таяуда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев журналистерге арналған брифингте Үкімет жұмысына баға беріп, алаңдауға немесе оған сын айтуға қандай да бір негіз жоқ екенін атап өткен еді. Сондай-ақ ол «Үкімет жұмысына қан жүгірту үшін» кадрлық өзгерістер жоспарланғанымен, жай сылтаумен біреуді жұмыстан шығаруға қарсы екенін баса айтқан болатын.