Бекшиннің орнына кімнің келетіні белгілі болды
Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин еңбек демалысына шыққанда оның қызметі Қарлығаш Әбдіжаббароваға жүктеледі. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы, NEGE. "Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұйрығы бойынша, Бекшин Жандарбек Мұхтарұлы 27 желтоқсаннан 4 қаңтар аралығында еңбек демалысында болған кезде оның қызметтік міндетін орындау Қарлығаш Әбдіжаббароваға жүктеледі", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматы қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы - Алматы қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қызметінен кететінібелгілі болған еді.