Бекшин: «Вирустың жаңа штамдарын анықтау үшін арнайы жүйе құрдық»

Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында шетелден келушілер арасында коронавирустың британиялық штамы анықталды ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE.  Оның айтуынша, коронавирустың құрамы мен мутацияға ұшырауын жіті бақылап отыратын арнайы мамандар бар.

«Нұр-Сұлтан қаласында соңғы үлгідегі және қазіргі заманға сай зерттеу жүргізетін «Секвинатор» деген аспап бар. Онымен зерттеу жұмыстары қазір де жүріп жатыр. Еуропа елдерінен өзгерген штамдар анықталмады. Бұл жұмысты республикалық ведомствоаралық комиссияның тапсырмасы бойынша күшейтіп жатырмыз. Бір аптадан кейін «Секвинатор» Алматыға да жеткізіліп, ғылыми зерттеулер жүргізілетін болады. Оның басты мақсаты – өзгерген штамдарды анықтау», - дейді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, ол коронавирус инфекцияның кең таралған бес түрі бар екенін атап өтті.

«Бұл – бір британдық, екі американдық, бір бразилиялық штамм және оңтүстік африкалық штамм. Біз жаңа штамдарды анықтау үшін арнайы жүйе құрдық. Зерттеу нәтижелері туралы кем дегенде екі аптадан кейін ғана айта аламыз. Бүгінгі күнге дейін ПТР тесттерінің нәтижелері бойынша коронавирустың 145 түрлендірілген түрі анықталды. Бірақ, патогендік өзгерістер анықталған жоқ», - деді ол.

Айта кетейік, Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес өткен демалыс күндері сауда үйлері, базар жұмысы мен қоғамдық көлік тоқтаған болатын.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті