Бекшин той-томалақтан бас тартуға шақырды

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин тұрғындарды той-томалақтан бас тартуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Жандарбек Бекшин атап өткендей, қалада сырқаттанушылықтың өсу себебі – жаппай көпшілік шараларды ұйымдастыруда. Бірінші кезекте үйлену және еске алу шаралары аса қауіпті, өйткені ондай жиындар желдетілуі нашар жабық үй-жайларда өткізіледі. Мұндай іс-шараларда қонақтардың ұзақ уақыт отыратыны және кеңінен байланыс жасайтыны белгілі. «Менің той ұйымдастырушыларына айтарым, Сіз өзіңізге ғана емес, барлық қонақтарға, инфекцияны өзіне жұқтыру арқылы отбасыларына да қауіп төндіресіз. Сондай - ақ, той немесе еске алу кеші тексеруші топтың талабы бойынша тоқтатылады. Сөйтіп, той иелерін қонақтардың алдында ыңғайсыз жағдайда қалдырасыздар», - деді Ж.Бекшин. Сонымен қатар, ол эпидемия немесе оның қаупі жағдайында бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 10-нан астам адамның жиналуы жаппай шара болып саналатынын атап өтті.

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған