Бекшин: Мәйітті қайта жерлеуге тыйым салынады
Коронавирустен қайтыс болғандардың туыстары жақындарын қайта жерлей алмайды, делінген Алматы бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысында.
Алматы, NEGE. «Коронавирустен қайтыс болғандарды, қажетті сот-тергеу органдарының жағдайын қоспағанда, қайта жерлеуге және эксгумация жасауға тыйым салынады», - делінген қаулыда.
Бейіт, құжатта көрсетілгендей, мәйітті қайта жерлегенде немесе эксгумация жасаған жағдайда қайтадан дезинфекциялық өңдеуге жатады.
«Бейіттегі мәйіт қалдықтары герметикалық ыдыспен немесе су өтпейтін қаппен тасымалданады», - делінген қаулыда.