Бекшин балаларды сыртқа шығармауға шақырды

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қала тұрғындарын карантин ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Оның айтуынша, соңғы уақытта 14 жасқа дейінгі 40 бала коронавирус жұқтырған.

Алматы, NEGE."Үйден шығуға, балаларды жіберуге болмайды. Кешке немесе басқа кезде болсын айырмашылық жоқ. Коронавируспен күресудің ең тиімді тәсілі өзіңді оқшаулау. Соңғы уақытта 14 жасқа дейінгі 40 бала коронавирус жұқтырған. Бұл балалардың кешкі уақытта ата-анасыз далаға шығып, ойнауға болмайтын жерлерде жүретінін көрсетеді. Сондықтан бұл мәселеге мән беру қажет. Балаларды бақылауға алып, бұл тұрғыдан ересектер тарапынан тәртіп белгілеуді сұраймын", - деді Бекшин.

Айта кетейік, Алматыда коронавирус жұқтырудың 793 адам бар. Олардың 90-ы сауығып шықты. Соңғы тәулікте 31 жаңа жағдай тіркелді.

 

Қазір оқып жатыр

Ұлытау облысында Olimpbet пен 1XBET-ке бәс тіккен 10 шенеунік қызметінен қуылды

«Наурызды тойлауға болмайды»: Блогердің мәлімдемесінен кейін Бас прокуратура ескерту жасады

Ресейде жаппай төбелеске қатысқан қазақстандықтар 10 тәулікке қамалды

Усть-Лугадағы жаппай төбелес: қазақстандық жұмысшылармен болған жағдай реттелді