Бекшин Алматыдағы карантинге байланысты қаулыға қол қойды

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 9 қарашада жаңа қаулыға қол қойды. Қаулы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің сайтында жарияланды.

Алматы, NEGE. 26 қазандағы №64 қаулыға өзгерістер енгізілді.

Жаңа қаулы бойынша, биылғы оқу жылының екінші тоқсанынан бастап 300 адамға дейінгі, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейінгі қалалық мектептерге дәстүрлі форматта оқуға көшуге рұқсат етіледі, 1-ден 5-сыныпқа дейінгі кезекші сыныптарға оқуға рұқсат етіледі.

Коронавирусқа ПТР-анықтамасыз халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы объектілер мен ұйымдардың (қонақүйлер); ПТР-анықтамасы болған кезде халықтың үш күннен аса тұруы бойынша туризм объектілерінің (демалыс үйлері, санаторийлер, курорттар, турбазалар) қызметіне рұқсат етіледі.

19-30 қараша аралығында "Медеу" мұз айдынының тестілік режимдегі қызметіне рұқсат етіледі. 16-30 қараша аралығында "Шымбұлақ" қызметіне де тестілік режимде рұқсат етілді".

10 қарашадан бастап залда 50 пайыздан аспайтын, бірақ 100 адамнан аспайтын театрлардың қызметіне рұқсат етілді.

10 қарашадан бастап жұма намазын қоспағанда, діни объектілерде ұжымдық құлшылық етуге, мешіттерде намаз оқуға рұқсат етіледі. 30 пайызға дейін толтырылады, бірақ залда 100 адамнан артық отыруға болмайды.

Сонымен, қаулыда ойын-сауық орталықтары мен және сауда үйлерінің қызметі сағат 22.00-ге дейін рұқсат етіледі деп айтылған. Сондай-ақ, азық-түліктік емес және жабық азық-түлік базарларының қызметі сағат 17.00-ге дейін рұқсат етілетіні айтылады.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған