Бекшин: Алматыда жағдай күрделі

Коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты Алматы «қызыл» аймақта. Осыған орай Құрбан айт мерекесіне арналған барлық іс-шара онлайн форматта өтеді. Бұл туралы брифинг барысында қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин мәлім етті.

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, Алматыда санитарлық-эпидемиологиялық жағдай күрделі. Науқастар санының өсуіне мутацияланған «дельта» штамы әсер етуде.

«15 шілдеде коронавирус инфекциясының 885 жағдайы тіркелді. Оның 780-і симптомсыз және 105-і симптомды. Инфекциялық стационарларда 2 292 адам, оның ішінде 181 бала жатыр. Реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінде 132 науқас бар. Сондай-ақ 27 – ӨЖЖ, 39 - инвазивті емес ӨЖЖ, 61 High flow аппараты қосылған. Бүгінде үйде БМСК және телемедицина орталығының мобильді бригадаларының бақылауында 4 326 науқас бар, симптомды жеңіл және орташа дәрежесі бар - 3958, ал симптомсыз – 368 адам бар», – Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, ол Құрбан айт мерекесі биыл онлайн форматта өтетінін жеткізді.

«Қалада коронавирус инфекциясының күрт өршуіне байланысты адам көп жиналатын іс-шараларды, оның ішінде ұйымдарда, сондай-ақ жеке меншік үй мен медреселерде айт намазын өткізуге тыйым салынады», – деді Жандарбек Бекшин.

Еске салсақ, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, Алматы аумағында 19-ы мен 22 шілде аралығында мал сою цехы мен базарлардың жұмыс істеуіне тыйым салынған. Сондай-ақ малды союға, оны автокөліктер мен жеке үй иелерінен сатуға тыйым салынады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті