Бекшин: Алматыда күніне 200-ден астам студент вакцина салдырады

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында мегаполисте студенттерге вакцина салу жалғасып жатқанын айтты.

Алматы, NEGE.  «Көптеген студент белсенді түрде вакцина алуды оқу жылы басталмай тұрып-ақ бастап кетті. Мысалы, маусым айында бірінші компонентін 4 676 адам, шілдеде 7 872 студент, тамызда 4 733 адам салдырды. Күн сайын 200-ден астам студент вакцина алады»,- дейді ол.

Сонымен қатар, ол студенттер вакцина алу арқылы өздерін ғана емес, жақындарын қауіпті аурудан қорғайтындарын жақсы түсінетінін атап өтті.

«Студенттер мен екпе салдыруға тілек білдіруші тұрғындар Алматыдағы 160 екпе орталығының біріне жүгіне алады», - дейді Жандарбек Бекшин. Спикер жақын арада Алматы емханаларында тұмауға қарсы вакциналау басталатынын айтты. Қазіргі уақытта ресейлік «Гриппол » вакцинасының 180 мың дозасын сатып алуға өтінім берілді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар топ мүшелері ұсталды

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды