БЕКЕТАЕВТЫҢ ұсталғанын Антикор растады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Әділет экс-министрі ұсталғанын растады. Бұл туралы агенттіктің ресми

телеграм каналы хабарлады.

Алматы, NEGE. «Антикоррупциялық қызмет Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде экс әділет министрін лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша ұстады.

Ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдады. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірді.

Активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», – деп жазды телеграм канал.

Бұған дейін кейбір телеграм каналдар Әділет экс-министрі М.Бекетаевтың ұсталғанын инсайдерлік ақпарат көздеріне сүйеніп жазған болатын.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады