10 августа 2022 г. 9:46

Бекболат Тілеухан ресми мәлімдеме жасады (видео)

Фото:

Бекболат Тілеухан Түркия елінің азаматтығын алады деген ақпаратқа жауап берді.

Алматы, NEGE. Бекболат Тілеуханнның мәлімдемесімен Мұхаммеджан Тазабек әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

"Бұл мәлімдемеге себепші болып отырған көптеген бауырларымның хаттары, жазып жатқан посттары. Ойладым ғой мен ақылға сыймайтын нәрсеге ел нанбайтын шығар деп. Мен басқа елдің азаматтығын алуға өтініш беріпті дегенге ел кәдімгідей иланып жатыр. Қисынға қонбайтынға ел кәдімгідей нанып жатыр.

Менің Данияр, Олжас, Қуат сияқты бауырларым, мен үшін аяулы болған аңғал, батыр жігіттер ғой. Солар нанып, шашып пост жазғанын көрген кезде осылай мәлімдеме жасамасыма болмайтынын көріп, айтып отырмын.

Қадірлі бауырлар, мен ешқандай да басқа елдің азаматтығын алуға өтініш берген жоқпын. Алла куә, Оллахи! Қазақстанда екі азаматтыққа тыйым салынған. Менің көк паспорттан айырылатын ойым жоқ. Сайқал саясаткерлердің кәдімгі жаласы. Нанбаңыздар! "Ұлыс Медианы" сотқа беремін. Енді олар сотқа беретінімді біліп әртүрлі әрекетке баруы мүмкін. Бірақ оған эксперт бар. Сотта кездесеміз, аманшылық болса! Айтарым, жалған ақпаратқа сенбеңіздер", - дейді Бекболат Тілеухан. 

Тегтер: