16 августа 2022 г. 16:49

Бекболат Тілеухан өзіне жабылған жалаға 100 миллион теңге талап етті

Фото:

Бекболат Тілеуханның Түркия азаматтағын алуға өтініш бергені жайлы ақпарат тараған болатын. 

Алматы, NEGE. Экс-депутат өзі туралы жалған ақпарат таратып, жала жапқандарды сотқа беретінін мәлімдеді.

"Көңіл орында, көк паспорт қолымда! Жалаға жасымаймыз", - деп инстаграм парақшасында үндеу жолдады.

Сонымен қатар жаалған жала үшін 100 миллион теңге талап етіп отыр. 

Ол қазір өзінің Стамбұлда екенін, өзінің қашып жүрмегенін мәлімдеді. 

"Жала жапқандармен, азаматтық мемлекет болғандықтан, сотта кездесеміз. Ulysmedia порталынан 100 миллион теңге талап етемін деп ойлап отырмын. Бірақ мұның бір тиынын да қалтама баспаймын. Қаржыны "Қазақстан халқына қоры" мен "Отандастар" қорына жіберемін. Сырттан келген бір қазаққа болсын көмек. Кісіге жала жауып ақша тапқаннан гөрі тапқан-таянғанын халықпен бөліссін", – дейді ол видеода. 

Тегтер: