13 декабря 2021 г. 17:10

Бекболат Тілеухан марапат кезінде ыңғайсыз жағдайға қалды (видео)

Фото:

Ақордада өткен мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсімі барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханды ІІІ дәрежелі «Барыс»  орденімен марапаттады.

Алматы, NEGE. ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған депутат ыңғайсыз жағдайға қалған. I және ІI дәрежелі ордендерге қарағанда, ІІ дәрежелі «Барыс» ордені  мойынға тағылады.

Sputnik.kz таратқан видеоға қарап қарап отырсақ, депутаттың көңілі толқыса керек, қолын көтеріп, лентаны иығына аспақ болды. Бірақ президент Тоқаев оны тоқтатып, жағдайды түзеді. 

«Аса мәртебелі, Қасым-Жомарт Кемелұлы, Тәуелсіздігімізідң 30 жылдығы қарсаңында елге еңбегі сіңген азаматтармен бірге өз қолыңыздан марапатқа ие болуым зор қуаныш, үлкен мәртебе, қала берді үлкен сенім, ерекше жауапкершілік деп білдім. Елбасы іргесін қалап, қабырғасын тұрғызған мемлекеттің өрнегін айшықтап, бау-бақшасын жайнатып, қақпасын қатайтып жатырсыз, Қасаға! Адамзат абыржыған, дүниенің бір дидары бұзылыңқырап, кейбір құндылықтар артқа ысырылып, әлемді популизм жайлап, аптасы айға, айы жылға татитын қарбалас, алмағайып кезеңде Алаш жұрты ажыржымаса керек-ті. Су ағады, тас қалады, дұшпан кетеді, дос қалады. Күрделі кезең артта дегенмен, жауапты кезең алда екенін меңзедіңіз Қасым-Жомарт Кемелұлы. Тәуелсіздігіміздің баяндығы, еліміздің берекесі жолында Нұрағаң салған нұрлы жолмен бастай беріңіз, соны қасқа жолға ұластырыңыз. Ерте білу сізге серт, ере білу бізге серт. Екі тізгін бір шылбыр қолыңызда! Жаратқан жар болсын. Мереке құтты болсын. Тағы да алғыс айтам», - деді Бекболат Тілеухан.

Тегтер: