31 декабря 2021 г. 14:56
Бекболат Тілеухан: Қатерлі дертке шалдықтым ба деген күмән болды
Экс-депутат Бекболат Тілеухан депутаттық қызметін мерзімінен бұрын не себепті тоқтатқанын айтты. Одан бөлек алдағы жоспарлары мен өзгерістер туралы, көзқарасы туралы ашық баяндады.
Алматы, NEGE. Бұл туралы “Жиырма бесінші” сағат бағдарламасында айтты.
Бұған дейін Тілеуханов денсаулығына байланысты депутаттықтан кеткісі келетінін түсіндірген еді. Бұл жайлы тарқатып айтып берді.
“Негізгі себеп денсаулығым. Жақында қатты ауырған соң қатерлі дертке күманданды. Дәрігерлер тексерді. Кейін одан таза екенін білгенде шүкіршілік еттім. Бірақ денсаулыққа сақтықпен қарау керек екенін түсіндім. Әлі кәрі емеспіз. Өліміз келмейді. Сондықтан біршама емделейін дедім. Жақсы болсам, атқаратын біраз шаруа бар. Денсаулық қана себеп емес”, – деді экс-депутат.