Бекболат Тілеухан Ердоғанның орынбасары болды

ОСК Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.

Алматы, NEGE. Комиссияның ресми сайтында хабарланғандай, Бекболат Тілеухан өкілеттігін тоқтатуға өзі өтініш берген. Осы орайда, ол өзінің қызметтен кетуі себебін айтты.

«Денсаулығыма байланысты кетіп бара жатырмын» деген депутат, сондай-ақ жаңа қызметке тағайындалғанын да айтты.

«Мен сияқты адамдар бос жүре алмайды. Сонымен қатар, бұған дейін Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған мырзаның Орталық Азия этноспорт комитетін басқаруына ұсыныс келіп түсті. Қазір мені Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының вице-президенті етіп тағайындады. Бізде белгілі бір келісімдер бар, мен біртіндеп соған өтемін», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады