24 октября 2020 г. 13:34

Бекболат Тілеухан Боратты қарғады

Фото:

Мемлекет және қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан күні кеше үндеу жолдады. 

Алматы, NEGE. Мәжілісмен үлкен сахна үшін түсіріліп, прокатқа шыққалы тұрған «Борат-2» фильмі үшін күйінеді.

Үндеу орыс тілінде.«Өзімізге ғана емес, өзгелерге, әсіресе алыс-жақын елдегі дипломатиялық инстанцияларға жетімді болу үшін БҰҰ-дағы алты тілдің бірі – орыс тілінде жасадым. Айналайын халқым, түсіністікпен қараңыздар. Еліміздің абыройы, халқымыздың намысы тапталып жатыр. Тәуелсіздігіміздің символы іспетті көк байрағымызды тексіздерге қорлатып отыра алмаймыз. Бұл үндеуді қолдауларыңызды сұраймын!»,– деп жазды Бекболат Тілеухан.

Сайтымыздың жаңа жобасы «Неге нақ»-тың алғашқы санында тілшіміз Боратты «Бекболат ағама айтып беремін» деп кекеткен-ді. 

Бекболат Тілеухан үндеуінде бұл бассыздыққа бей-жай қарауға болмайтынын айтты. 

Тегтер: