Бекболат Тілеуханның күйеу баласы жаңа қызметке тағайындалды

2024 жылдың қараша айында Өскемен қаласының әкімі қызметінен кеткен Жақсылық Омар жаңа қызметке тағайындалды.

gov.kz

Алматы, NEGE. Ол Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына келді.

Жақсылық Омар Өскемен қаласын алты жыл басқарды. 

«Жақсылық Мұқашұлының мемлекеттік қызметте үлкен тәжірибесі бар. Ол 6 жыл бойы облыс орталығының әкімі болды. Оған өңірдің барлық мәселесі мен тұрғынының мұң-мұқтажы жақсы таныс. Оның жаңа әрі жауапты қызметке білімін, күш-жігерін барынша жұмсайтынына сенімдімін», – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Жақсылық Омардың жұбайы – бұрынғы Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның туысы. 

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Байбек басқаратын компания Ақмола облысында тау-кен байыту комбинатын іске қосты

Жапония Қазақстан мұнайына қызығушылық танытты

Қазақстандағы шетелдік университеттер «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» пәндерін оқытуға міндеттеледі