Бекасыл Асамбек еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлде иеленді

Грекия астанасы Афины қаласында өтіп жатқан еркін күрестен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Бекасыл Асамбек (60 келі) тағы бір қола жүлдені қоржынға салды.

sports.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық балуан үшінші орын үшін белдесуде ирандық Ариан Мехрализадемен шеберлік байқасты. Нәтижесінде белдесу 9:0 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды.

Осылайша ол әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Сондай-ақ дүбірлі додада ел құрамасынан еркін күрестен Данаел Әбдіқасым (51 келі) және Дінмұхаммед Қасымбек (80 келі) үздік үштікке табан тіреді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?