Бек Нұрмағамбет Бразилия боксшысынан жеңіліп қалды

Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан командасының өкілдері алғашқы жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE. 86 келіде сынға түскен Бек Нұрмағамбет бірінші кездесуінде бразилиялық Кено Мачадомен кездескен болатын. 

Жекпе-жек толығымен Бразилия боксшысының басымдығымен өтті. Нәтижесінде, төрешілер 5:0 есебімен жеңісті Мачадоға берді. 

Осылайша, Бек әлем чемпионатының алғашқы айналымынан аса алмады. Айта кетелік, Бек Нұрмағамбет 81 келі салмақта 2019 жылғы Азия чемпионы. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр